KZ
Өскемен
+24°
дождь жел 4 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Күршімдіктер бокстан өткен турнирден жүлделі оралды

28.02.2018, 05:25 259

15-17 ақпан күндері аралығында Жаңа Бұхтырма кентінде 2002-2009 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир өтті. Бұл турнирге Өскемен, Зырян қалаларының, Ұлан, Бұхтырма, Тұрғысын, Күршім аудандарының командалары және Ақжар ауылынан екі командасы қатысты.


Бәсекелесті бокс сайысында Күршім ауданы №4 Күршім орта мектебінің оқушысы Ахметбеков Айқын (56 кг), №5 Күршім орта мектебінен Тымбаев Жарас (24 кг), Мәнәп Дарын (26 кг), Қайырқанов Нұралы (22 кг), Шәріпхан Досхан (32кг), Құмашов Арман (28 кг), Мәнәпова Шырын (28 кг)  1-орындарды иеленді. №4 Күршім орта мектебінен Айдарұлы Архат 56 кг салмақ дәрежесінде, №5 Күршім орта мектебінен  Айтқабылов Айқын  (24 кг), №3 Күршім мектеп гимназиясынан Асхатова Айзада (28 кг) салмақ дәрежесінде 2-орынды иеленді. №5 Күршім орта мектебінен Орынбасаров Олжас  (32 кг), Қизат Бекжан  (24 кг) 3-орыннан көрінді.



Күршім ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы  Серік Кокенов: - Спортшы балалардың жарысқа баруына қолдау жасағаны үшін спорт мектебінің директоры Е.Сырымбаевқа және ата-аналарға алғысымды білдіремін. Боксқа бейімделіп, аудан намысын қолдан бермеген балаларға жеңісті күндері көп болсын деп тілеймін,-дейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив