KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 3,9 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Семейде «Абай және Пушкин» онлайн-кездесуі өтті

27.02.2018, 08:57 246

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай және интеграциялық ықпалдастық аясында  Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы, Алтай өлкелік Барнаул қаласының Вячеслав Яковлевич Шишков атындағы ғылыми әмбебап кітапханасымен «Абай және Пушкин» атты онлайн-кездесу өткізді. Аталмыш шара барысында ресейлік әріптестер биыл құрылғанына 135 жыл толғалы отырған Абай кітапханасының тарихымен танысты.


- Кітапханамыздың сирек басылымдар қорындағы  П.В. Анненков, Л. Поливанов, С.А. Венгеров, П.О. Морозов, П.А. Ефремовтің редакциясымен жарық көрген Александр Сергеевич Пушкинннің кітаптарына шолу жасалынды,-дейді Абай атындағы әмбебап кітапханасы дамыту  бөлімінің әдіскері Светлана Орынғазықызы Саягуб,-Абайдың аудармасымен қазақ даласында ән болып шырқалған Пушкиннің шығармаларына ерекше ден қойдық. Бұлардың барлығын, міне, өздеріңіз де көріп, тамашалағандай ресейлік кітапханашылардың назарына ұсындық. Олар риза болды.


Кездесуде облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әртісі Жасұлан Тәжиевтің орындауында «Татьянаның Онегинге жазған хаты» тыңдалды. Шара қонағынің бірі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева өздерінің «Абай және Пушкин» халықаралық жобасымен қысқаша таныстырып өтті. В. Я. Шишков атындағы кітапхананың қызметкерлері Абайдың өлеңдерін орыс тілінде, музыкалық сүйемелдеумен орындады.


Онлайн-кездесу «Ахау, Семей!» қазақ ұлттық мәдени орталығы әншілерінің орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жиынның шырайын аша түсті.Осындай тәрбиелік мәні зор тамаша кездесу өткізген екі жақтың кітапханашылары бір-бірлеріне ризашылықтарын біліріп, алдағы уақытта да осындай кездесуді өткізуге  дайын екендіктерін тілге тиек етті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив