KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Былтырғыдан екі есе көп қаржы бөлінеді

23.02.2018, 09:49 254

Биыл облыс жолдарын жөндеуге 82,2 млрд. теңге бөлінеді. Бұл былтыр осы мақсатта жұмсалған қаражаттан екі есе көп. Тұрғындар алдындағы есепті кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов осылай деді.


– Соңғы екі жылда біз жолдарды жөндеуге қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгерттік. Қазір күрделі қалпына келтіру жұмыстарынан гөрі, орташа жөндеуге басымдық берудеміз. Бірінші кезекте демалыс орындарына апаратын, халық көп қатынайтын жолдар жөндейтін боламыз. Жалпы алғанда былтыр жолдарды қалпына келтіру мақсатына 46 млрд. теңге бөлгенбіз. Осындай жұмыстардың арқасында облыс аумағындағы 357 шақырым жол жөнделді.

Аймақ басшысының айтуынша, 2018 жылы Қалбатау – Майқапшағай, Алматы – Өскемен бағыттарындағы трассалардың кейбір учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Орташа жөндеумен Өскемен – Семей, Өскемен – Шемонайха, Бородулиха – Шемонайха, Семей – Қарауыл бағыттарындағы жолдар қамтылмақ.


– Жолдарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстарының көлемін арттыра түсеміз. Өз орынбасарым Серік Ақтановқа бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуын және бөлінген қаржының мақсатты игерілуін қадағалауды тапсырамын. Қолда бар техниканың бәрін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдыру керек, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив