KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Шығысқазақстандық оқушылар 27 медальмен оралды

21.02.2018, 11:15 183

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өз  мәресіне жетті. Білім мен ғылымның ордасы – Алматы қаласында оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдап, іріктеу мақсатында өткізілген ғылыми жобалар байқауында еліміздің әр өңірінен жиналған 9-11 сыныптың білімпаздары бас қосты.


Өңіріміздің жалпы білім беру пәндерін игеруде жоғары әлеуетке ие, ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстармен сәітті айналысып жүрген 55 оқушымыз республикалық білім сайысында жалпы командалық бірінші орынға ие болды.


Еліміздің барлық аймағынан жиналған үздіктердің арасынан оза шапқан дарындарымыз қоржынымызды 4 алтын, 8 күміс, 15 қола медальмен толықтырып, «Ең үздік команда-2018» атағын жеңіп алды. Ғылыми жобаларын бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі - қоршаған ортаны қорғау мен адам денсаулығына, сонымен қатар химия, әдебиет пәндеріне арнаған өскемендік оқушы Мөлдір Қанашева, семейлік Диана Шарбекова мен Влада Пикулева, көкпектілік Юра Гульбагар алтыннан алқа тақты. Ал өскемендік жас ғалымдар Диана Самарханова, Сәния Рахымбердинова,  Ләззат Сауырбек, Станислав Грохотов, Тимур Сайлаубеков, Арина Денисова мен семейлік дарынды оқушылар Әнуар Баяхметов, Нұрмұхамет Есенғалиұлы күміс жүлдегер атанды. 15 оқушымыз қола медаль иеленіп, республикалық сайысқа қатысқан өзге оқушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, талантты жастарды білім-ғылым жолына жетелеп жүрген ұстаздар қауымы мен ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив