KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Жерлестеріміз Тараздағы жарыста үздік үштікке енді

15.02.2018, 08:56 189

Шығысқазақстандық спортшылар Тараз қаласында үстел теннисінен өткен 2001-2002 жылдары туған жастар арасындағы ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетті.


Айта кетейік, жарысқа қатысушылар жекелей және командалық сында өзара мықтыны анықтаған болатын. Бір аптаға созылған турнирге еліміздің барлық өңірінен 140-қа жуық спортшы қатысқан-ды.


Шығысқазақстандық үстел теннисшілерінің ішінде әсіресе Денис Жолудевтің жетістігін айта кеткен орынды. Ол ерлер арасындағы жұптық сайыста Ақтөбе облысының спортшысын ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Бұған қоса аралас жұптық жарыста сынға түскен Денис қола жүлдеге қол жеткізді.


Тағы екі жерлесіміз Сергей Коновалов пен Сағынтай Құрманбаев та жарыс қорытындысы бойынша қола жүлдеге ие болды. Шығысқазақстандық спортшылар командалық бәсекеде де үздік үштікті түйіндегенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив