KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Өскемендегі жарыста жамбылдықтар топ жарды

28.01.2019, 10:09 269


Өскеменде бокстан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған доданың жеңімпаздары алдағы күзде Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғамақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жарысқа республиканың барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жиналған 180-ге таяу жас былғары қолғап шебері қатысып, 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Әсіресе Жамбыл (үш алтын, үш күміс, үш қола) мен Алматы (үш алтын, бес қола) облыстарының боксшылары тамаша дайындықпен келгенін аңғартты. Үздік үштікті екі алтын және бір қола медальмен Түркістан облысының құрамасы түйіндеді.


Ал шығысқазақстандық боксшылар қоржынға бір алтын, бір күміс пен екі қола медаль салды. Атап айтсақ, 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Руслан Күзеубаев жарыс жеңімпазы атанса, Еркебұлан Шәйкенов (63 келі) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 54 келіде сынға түскен Мейірбек Базарбеков пен 54 келідегі Бауыржан Сатжанов ел біріншілігінің қола жүлдегерлері атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив