Прокурордың өміріне қастандық жасамақ болған ШҚО-ның тұрғындары 11 мен 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Кеше ШҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында үш айыпталушыға қатысты үкім шығарылды. Үржар ауданының тұрғындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылды, төртінші адам іздеуде болған. Қазір ол ұсталды.
- Бұл оқиға өткен жылғы мамыр айының 14-15 аралығында Үржар ауылында орын алды, - деді іс бойынша төраға, ШҚО бойынша МАҚС төрағасы Бердіғали Қасенов. - Іс материалдары бойынша осы уақыт аралығында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасынан Үржар ауылына қызметкер жіберілді, онда ол Үржар ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Жанжал жергілікті кафеде болған , оның иесі ауысып келген қызметкердің анасы екен. Қонақтардың біреуіне, мекеменің күзетшісі кафенің жабылуына байланысты қонақтарды шығарып жатқанын унамаған. Мекеменің ішімдікке тойып алған қонағы бар күшімен күзетшінің бетінен ұрған, ол құлап, есінен танып қалған. Ашуға булыққан келушіге достары қосылып қызметкерлерді ас үйге қамап қояды. Жұмысшылардың бірі мекеменің иесіне хабарласпақ болады ,бірақ қоңырауға жауап бермеген соң, оның ұлы байланысқа шығады. Ер адам қызметкерлерге қазір келіп жағдайды реттеп , барлығын үйлеріне жеткізіп саламын деп уәде береді. Әйелдер сыртқа шығуға қорыққан.
Бірақ ер адам келгенде оған бірден үшеуі жабылып ұрып тастаған. Ең қызығы, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл жағдайға араласпаған. Олар сыртта тұрып, ешкімге кіруге рұқсат бермеген. Ішінде қорқынышты жағдай болып жатты, бұзақылардың бірі тіпті ет кесетін балтаны жәбірленушіге лақтырған, алайда оған тимеген,бұл оларды одан да бетер ашуландырды. Біреу «прокурорды аяғына дейін соғу керек» деп дауыстаған.
Кафеге жүгіріп келе жатқан анасы ғана полиция қызметкерлерінен бұзақыларға қарай өте алды. Мекемеге кірген бетте ол: « Балама тиіспендер! Одан да мені өлтіріңдер!» - деп айқай салды. Бұл ер адамдарды тоқтатты. Олар кетіп қалды.
Кейінірек жәбірленушінің орташа деңгейде зардап шеккені анықталды - бірнеше жерлері сынған, оның ішінде мұрын мен жақ та бар.
Айтпақшы, бұл факт бойынша алғашында қылмыстық іс қозғалған жоқ болатын. Сонымен қатар, бұзақылар ары қарай демалуға кетіп қалған. Оларды тіпті ешкім іздемеген. Тек кейінірек оларға іздеу жариялап, 10 қыркүйек күні ұстаған. Үшеуін қамауға алған, төртіншісі қашып үлгерген. Қазір ол да қамауға алынып сот процесін күтуде.
-Барлығының кінәсін сот дәлелдеді, - деді судья Бердіғали Қасенов. Күзетшіні ұрып ,жәбірленушінің өміріне қастандық жасаған айыпталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, қалғандары 12-ден 11 жыл үш айға бас бостандығынан айырылды. Барлығы жазаны қатаң режимді колонияда өтейтін болады.
Тергеу барысында зардап шеккен адамның қымбат телефоны ұрланғаны анықталды және бопсалау фактісі де тіркелді. Соққыға жыққандардың бірі бірнеше рет осы кафеге келіп даяршыларға ішімдік пен тағамдарды тегін беруге мәжбүрлеген.
Ешқандай шара қолданбаған полицейлер жазаланды. Аудандық ішкі істер бөлімінің бес қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үржардың № 2-ші соты барлғын екі жылға бас бостандықтарынан айырды.
Айтпақшы, айыпталушылар шығарылған үкіммен келіспеді. Олар өздерінің кінәсіз екендігін айтып отыр.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, алдағы уақытта іс қайта қаралуы мүмкін.