KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Қазақстандық дербиде «Торпедо» «Сарыарқаны» талқандады

12.02.2018, 12:02 96

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 50-ші турында өскемендік «Торпедо» Қарағандыда жергілікті «Сарыарқамен» кездесіп, қарсыласын 5:1 есебімен талқандады.


Естеріңізге салайық, аталған командалар арасындағы Өскеменде өткен бірінші матчта қарағандылық хоккейшілер 2:1 есебімен басым түскен болатын. Сол ойында торпедолықтар «Сарыарқа» ойыншыларымен салыстырғанда қақпаға анағұрлым көп соққы бағыттаса да, жеңіске қонақ команда жеткен-ді.


Бұл жолы да өскемендік ойыншылар қарағандылықтарға қарағанда айдында батылырақ қимылдады. Ә дегеннен шабуылға лап қойып, қарсылас қақпасына оқтын-оқтын қауіп төндіре бастады. Әсіресе, Александр Шиннің белсенділігін атап өткен орынды. «Торпедоның» 49-шы нөмірі кездесудің бірінші кезеңінде-ақ үш мәрте көзге түсіп, ойын тағдырын шешіп тастағандай болды.


Екінші жиырма минуттықта айдын иелері Сарваровтың көмегімен есеп айырмасын екі шайбаға дейін қысқартқанымен, қалған уақытта торпедолықтар тағы екі рет «Сарыарқа» қақпасынан саңылау тауып, кездесудің нүктесін қойды. Бұл шайбалардың авторлары шабуылшылар Андрей Белозеров пен Михаил Милехин болды. Қорытынды есеп 5:1.


Осылайша, қазақстандық дербиде сенімді жеңіске жеткен «Торпедо» турнир кестесіндегі алтыншы орынын сақтап алды. Қоржынында 91 ұпайы бар «Торпедо» келесі кездесуін 15 ақпан, бейсенбі күні Қорған қаласында жергілікті «Зауральемен» өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив