KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

Дарынды тұлға

6.02.2018, 10:44 218

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ақын, актер В.С.Высоцкийдің 80 жылдығына арналған «Дарынды тұлға» атты әдеби глобус өткізілді.


Іс-шараға Владимир Высоцкийдің шығармашылығына әуесқой жанкүйерлер: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Юрий Пазына, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Владимир Высоцкий әндерінің орындаушысы, Инновациялық колледж студенті Николай Бочаров және «Жастар» колледжінің тстуденттері, Н.Чернышевский атындағы мектеп оқушылары шақырылды.


- Владимир Высоцкидің туғанына 80 жыл толып отыр,-деді Шара Мейірбекова,-бізге әншінің өмірі және шығармашылығы туралы слайд-тұсаукесері ұнады.  №1 мектептің оқушылары «Я не люблю», «Песня о друге», «Он не вернулся из боя», «Песенка про прыгуна в длину», «Все ушли на фронт», «Штрафные батальоны», «Еще не вечер», «К вершине», «Я к Вам пишу» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шара барысында сөз алған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Юрий  Пазына ақынның шығармашылық қүші тасып тұрған шағында өмірден ерте кеткенін баяндап, өзінің ақынның 60 жылдығына арнап жазған, 1998 жылы «Красная звезда» журналында басылған өлеңін оқып берді.


[su_slider source="media: 23398,23396,23395,23397,23399"]


Келесі сөз кезегін алған шара қонағы Галина Ельникова  Владимир Высоцкийдің тек театр сахнасында  ғана емес киноға да түскенін атап өтті. Оның белгілі  «Хозяин тайги»,  «Сказ про то, как царь Петр арапа женил», «Вертикаль», «Опасные гастроли», «Служили два товарища», «Интервенция», «Короткие встречи» атты еңбектеріне жоғары баға берді. Высоцкийдің  «Место встречи изменить нельзя» фильміндегі Жеглов және «Маленькие трагедии» атты фильміндегі  Дон Гуаның рөлдері оны көпшілікке ерекше танымал еткені жайлы әңгімеледі. Ал «Плохой хороший человек» атты фильмдегі ер адамның рөлін шебер орындағаны үшін  Италияда өткен Халықаралық кинофестивальда «Ең үздік ерлер рөлі» жүлдесі табыс етілгенін мақтана жеткізді.


Шара барысында Николай Бочаров Владимир Высоцкийдің «Тот, который не стрелял», «Только он не вернулся из боя» атты әндерін тамаша орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл шараға Высоцкийдің шығармашылығын бұрыннан жақсы көретін және ол туралы көбірек білуге қызығушылық танытқан әртүрлі ұрпақ өкілдерінен құралған көпшілік жиналды. Олар көрнекті ақын, сан қырлы талант иесін еске түсіріп, өлеңдерін тыңдап, Высоцкийдің ең танымал және сүйікті әндеріне түсірілген бейнефильмдерден үзінділер көріп, ұлы дарынның шығармаларын бірге шырқап  қуанып, әрі мұңайды.  Соңында қатысушылар «Мәңгі тірі Владимир Высоцкий» атты көрме-инсталляциядағы фотосуреттер, пластинкалар, өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттермен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив