KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Астана-бас қала

5.02.2018, 05:03 105

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері жастарға патриоттық тәрбие беру аясында №2 мектеп оқушыларымен  Астана қаласының 20 жылдығына орай  «Астана - бас қала» атты видеокруиз  өткізді.  Шара барысында қатысушыларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қаралған бірқатар сұрақтар, рухани қайта жаңару, ұлттық бірегейлікті сақтау, патриотизм, өз ауылыңа, өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алатын отансүйгіштік, патриоттық тәрбие туралы әңгімеленді.


-Астана тарихы, оның қалыптасуының негізгі кезеңдері, қазіргі жағдайы және дамуы туралы кең көлемде ақпараттар алдық,-деді оқушы Айдана Бекетова,- біздің назарымызға ұсынылған бейнероликтер еліміздің бас қаласының көрікті орындарымен, сондай-ақ, бірегей сәулет және мүсін өнерімен танысуымызға мүмкіндік берді. 

Шараның жалғасында оқушылар еліміздің бас қаласымен алғаш танысқандағы алған әсерлерімен бөлісті. Викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп Қазақстан тарихы бойынша білімдерін жақсы көрсетті. Қазақ халқының күші мен абыройын дәлелдейтін елімізге деген құрмет, жоғары азаматтық ұстанымдар шараның негізгі өзегі  болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив