Аудан әкімі 16 жыл бойы шешілмеген іске нүкте қойды
Бұл туралы аудан халқы зор мақтанышпен жеткізіп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Глубокое ауданы әкімінің халық алдында есеп беру де сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Любовь Романова 16 жылда 6 бірдей аудан әкімі шеше алмаған істің шешімін тапқан басшыларына ризашылығын білдірді.
Аудан халқының көңілін хош еткен жаңалық – жылу қазандығының құрылысы. Глубокое кентінде өткен ғасырдың 30 жылдарында салынған жылу электр орталығының әбден тозығы жеткен. Аудан әкімі Қалиқан Байғонысов 16 жыл бойы 6 бірдей аудан әкімі істей алмаған істің шешімін бірінші болып тапты. Істің барысымен облыс әкімі Даниал Ахметов та танысып қайтты.
– Бүгінде жаңа қазандыққа 2 га жер бөлініп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 3 миллиардқа жуық теңгеге салу жоспарланып отыр. Құрылыс жаңа технология бойынша жүрмек. Қатты отын арқылы сағатына 40 Гкал жылу шығаратын 3 бу генераторы орнатылады, - дейді аудан басшылығы.
Айта кету керек, жаңа жылу қазандығы кент тұрғындарына тұрақты әрі сапалы жылу беріп қана қоймай, құнының қымбаттатпауға ықпал етеді.