KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Семей полицейлері Елбасының Жолдауын талқылады

26.01.2018, 10:54 119

Семей қалалық Ішкі Істер басқармасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына қолдау көрсету бағытында жиын өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облысы Ішкі Істер Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұратжан Шакеровтың және ШҚО ІІД КЖБ бастығы, полиция полковнигі Рамиль Ахмеровтар қатысып отырды.


Жиынды Семей қалалық ІІБ бастығы полиция полковнигі Дулат Қазақпаев ресми түрде  ашып, полиция қызметкерлерінің алдында тұрған нақты міндеттер жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, жиында Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары туралы толықтай түсінік беру үшін сөз кезегі  ШҚО ІІД Кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Рамиль  Ахмеровке берілді.


- Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауындағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталатын тоғызыншы бағытына тоқтала кеткім келеді,-деді полиция полковнигі Рамиль Ахмеров,-бұл жерде құқыққорғау органдары жұмысының қажеттілігі және басымдылығы айқын көрсетіліп тұр. Қазіргі таңда полицейлер жаңа заңнамамен жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер басқармасының  тергеушілері қылмыстық істердің тергеуін электронды форматта жүргізуді бастады. Ең бастысы,  қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және ашуда бейнебақылау жүйесі белсенді түрде  кеңейтілгенін айтып өткен жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар да атқарылып жатыр.


Іс-шарада сөз алған ШҚО Ішкі Істер Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұратжан Шакеров полиция қызметкерлерінің қазіргі заман талабына  сай болып, Жолдауда көрсетілгендей өздерінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыру қажеттіктерін айтты.  Қоғамдық тәртіпті сақтау, сол сияқты қылмыспен күрес барысында заң бұзушылыққа жол бермей, полиция мәртебесін ең жоғары деңгейде ұстап, халыққа сапалы қызмет көрсету-бүгінгі күннің басты талабы, деді ол өз сөзінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив