KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қанатқақты жоба біздің өңірде қолға алынады

25.01.2018, 08:56 90

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 30 маусымына дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді қалалық, аудандық әділет басқармаларымен жүргізу жөнінде пилоттық жоба енгізілмек. Осы орайда өңірлік Әділет департаменті арқылы тұрғындарға ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бұл жөнінде облыстық Әділет департаментінің басшысы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Ерлан Дауылбаевтың аймақтық БАҚ өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен тиісті заңнамаға енгізілген өзгерістерге қатысты өткізген брифингінде айтылды.


Департамент басшысының айтуынша, өткен жылмен салыстыра алғанда, 2017 жылы облыстық Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 573 (498) нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуден өткізілген.


– Әділет органдарының негізгі қызметтерінің қатарына жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жатады. Былтыр жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша 104 012 (120 431) өтініш берілсе, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 7384 (8500) өтініш қаралды. Президенттің халыққа электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетудің санын көбейту, оның сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасы  әділет органдарымен нақтыжүзеге асырылуда, – дейді Ерлан Дауылбаев. – Электрондық нұсқада мемлекеттік тіркеу үшін 30 668 (25 580) өтініш берілсе, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1643 (1108) өтініш автоматты түрде өнделген. Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша (АХАТ) 6905 (5360) онлайн- қызметі көрсетілген.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап, баланың тууын проактивті қызмет бойынша тіркеудің қанатқақты жобасы іске қосылған болатын. Бұл – мобильді байланыс хабарламасына (СМС) жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін, оны балабақшаға кезекке қоюды және оған жәрдемақы тағайындауды үйден шықпай-ақ алуға болатын тамаша мүмкіндік. Бұл қызмет мобильді азамат базасында тіркелген, жаңадан босанған аналарға көрсетіледі.



Брифингте айтылғандай, әділет органдарының мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қалыптастыру бойынша атқаратын қызметінің бірі – атқарушылық өндіріс құжаттарын орындау болып табылады.


2017 жылы облыстағы сот орындаушылардың өндірісінде жалпы сомасы 163 млрд. теңгені құрайтын 187 585  атқарушылық құжат орындауда болған. Оның ішінде барлық көрсеткіштің 110 621 атқарушылық құжаты немесе 59%-ы аяқталған. Бұл 67 млрд. теңгеден астам соманың өндірісі. Ал 58 969 атқарушылық құжаттың талаптары 9 млрд. теңгеге нақты орындалған.


Облыста департамент басшысының мәліметтеріне сүйенсек, Әділет министрлігінің сот актілерін орындау саласындағы көрсеткіштері орындалған. Сонымен бірге есепті мерзімде жеке сот орындаушылардың қызметімен айналысуға 13 лицензия берілген.


Брифингте бұдан бөлек Ерлан Дауылбаев тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив