Ауылда музей ашылды
Глуховка орта мектебінде музей ашылды. Онда аудан тарихы мен аталмыш білім ордасынан түлеп ұшқан танымал азаматтар туралы деректер қоры жинастырылған.
Музейдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Дәулет Батырбаев ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді. Мектеп директоры М.Тауырбекованың айтуынша, мұражайдағы барлық дерек қорын жинауға зейнеткер-мұғалімдер көмек көрсеткен. Оның ішінде О.Малахов, А.Ходько, Б.Ходько, В.Малахов, В.Плотников сынды ұстаздар бар.
– Мұражайға келушілердің назарына фотосуреттер мен бейнематериалдар ұсынылған. Болашақта мұндағы дерек көздерін көбейту жоспарда бар, - дейді М.Тауырбекова.
Оқи отырыңыз
Абайдың әдеби-мемориалдық музейінің алғашқы құрылу кезеңіЕл Президентінің Абай музейіне тарту еткен сыйлықтарыДене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)Қазақстанның қастерлі орындарының бірі-Семейдегі Федор Достоевскийдің әдеби-мемориальдық музейіЕлбасы Жолдауының толық мәтіні