KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Семейде «Қауіпсіз купель» акциясы өтуде

19.01.2018, 05:33 141

Семейде құтқарушылар, сүңгуірлер мен дәрігерлер  православ «Крещения Господне» мерекесіне әзірленуде. Соған орай  Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері жас құтқарушылармен бірге «Қауіпсіз купель» акциясы аясында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын халыққа түсіндіру бойынша кезекті акция өткізді.


Өз тәлімгерлерінен  нұсқаулық алған жас құтқарушылар екі топқа бөлініп, Шоқан Уәлиханов көшесі бойындағы сауда үйлеріне барып,  «Ақшың» орталық базарына дейін жүріп өтіп, жадынамаларды және «Семей құтқарушысы» газетін таратты.


Олар жаяу жүргіншілерге мереке кезіндегі қауіпсіздік туралы және судағы қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



Сондай-ақ, ересектерге суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті. Шомылып болған соң түкті сүлгімен сүртініп, құрғақ киім киіп, ыстық шәй ішкен жөн. Семей қаласының ТЖБ қызметкерлері осы акцияны өткізу арқылы үш бірдей игі істі атқарғандарына сенімдіміз десті. Біріншіден, қалалықтар үшін профилактикалық іс-шаралар өткізді, екіншіден, жас құтқарушылар осындай шара қалай өткізу керектігіне үйренді, ал үшіншіден, олар судағы қауіпсіздік қағидаларын өздері жете меңгерді. Крещение Господне мерекесі кезінде азаматтардың қауіпсіздігін құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері және полиция қызметкерлері жүзеге асырады. Сондай-ақ құтқарушылар суық су тыныс алуды жиілететінін еске салады. Дегенмен организмнің жалпы салқындауын болдырмас үшін ойықта 1 минуттан аса уақыт болуға болмайды екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив