KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Денедегі түкті кетірудің жолы қандай?

31.05.2012, 18:00 1 646


– Мен жүндес адамдардың санатынанмын. Сұрайын дегенім, денедегі түкті қалай кетіруге болады? Өзіміз кетіре алатын тәсілдер бар ма немесе арнайы дәрігерлерге көрінген жөн бе?

Кеңесбек

Кеңесбектің сауалына жауап ғаламтор материалдары арқылы әзірленді:

– Бұл әлі толық зерттеліп, анықталмаған құбылыс. Алайда ғалымдардың айтуынша, түктердің шығуына жүйке жүйесіндегі кінәрат басты себеп болады екен. Және де түктің өсуіне бетке жағатын әртүрлі майлар, кремдер, басқа да қоспалар әсер етіп, оны көбейтіп жіберетін көрінеді. Сол себепті бетті күтуде косметологпен ақылдасып тұрған жөн.

Жасыратыны жоқ, кейбір адамдар бетіндегі түктерін ұстарамен қырып жатады. Бұл – дұрыс емес. Себебі, қырып тасталған түктің орнына жаңасы шығады және ол бұрынғыдан жуан, зор болып өседі. Жұлса да он шақты күннен кейін қайта шығады. Яғни, түкті кетірудің механикалық әдістері пайдалы емес.
Түкті химиялық жолмен түссіздендіретіндер де бар. Бұл – ең оңай тәсіл. Негізінен, сутегі қышқылының түкті жақсы түссіздендіретіні белгілі.
Беттегі түкті кетіру үшін мынандай тәсілдер жиірек қолданылады:

1. Түкті кетіретін сабын көпір-гішін былай дайындап, жағады: мүсәтір мен сутегі қышқылына сабын ұнтағын қосып, араластырады, сонда қосынды көпіршиді. Оны (көбікті) беттің түкті жерлеріне жағып, кепкеннен кейін жылы сумен шайып, жуып тастайды.

2. Беттегі түкті электр тогымен де кетіруге болады. Алайда оны негізінен дәрігерлер жасауға тиісті.

3. Аяққа түк шықса, оны уақытша пемзамен кетіре алады. Ол үшін аяқтың түкті жеріне пемза жағады, бірнеше минут оның теріге әсер етуін күтеді. Сол кезде түк жіңішкеріп, тез сынады, көзге түспейтіндей күйге түседі. Бірақ, бұл тәсілді тек аяқтың ғана түгін кетіруге пайдаланады.
Беттегі түкті кетіру үшін ең дұрысы – дәрігерге көрініп, оның емін қабылдау. Себебі, мұнда аса нәзік клеткалар орналасқандықтан, қыру немесе жұлу, түрлі қоспалар жағу оны тітіркендіріп, не теріні күйдіреді, не болмаса, түкті қалыңдатып жіберуі де мүмкін.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив