KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Әрбір түлек үшін күресу керек

10.01.2018, 03:25 118

Облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде аймақ басшысы Даниал Ахметов құзырлы мекемелерге осындай міндет жүктеді.


Облыс әкімінің айтуынша, былтыр Шығыс Қазақстаннан шетелге білім қуып кеткен мектеп түлектерінің саны 900 адамды құраған. Бұл осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішпен (1 870 оқушы) салыстырғанда екі есе аз. Дегенмен аталмыш мәселеде олқы тұстар әлі де көп.


– Оқушыларымыз, мәселен Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына немесе Ресейдің Мәскеудегі я болмаса Санкт-Петербордағы университеттеріне оқуға аттанса, онда біз мұндай таңдауды қуана қолдаймыз. Алайда, кей жағдайда түлектеріміз Ресейдің орталықтан шалғайда жатқан аймақтарындағы университеттерге оқуға түсіп жатады. Бұл дұрыс емес. Менің ойымша, Барнауылдың жоғары оқу орындарынан өзіміздің университеттер беретін білімі жағынан еш кем түспейді. Сондықтан әрбір түлек үшін қазірден бастап күресуіміз керек. Мұны ең алдымен ата-аналарға түсіндіру қажет, – деді облыс әкімі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив