KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Босанғанда төленетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы

4.01.2018, 06:25 216

Бұл жәрдемақы декреттік демалысқа дейін жұмыс істеген, істемегеніне қарамастан барлық босанған аналарға тағайындалады. Мемлекеттік бюджеттен төленеді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл жәрдемақы 20 пайызға өскен. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің артуына байланысты алты пайызға өсетін болады.


«Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, аталмыш жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни, 2018 жылғы мөлшері – 91390 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 63 айлық есептік көрсеткіш, бұл дегеніміз 151515 теңге. Дүниеге егіз немесе үшем келсе, жәрдемақы әр балаға төленеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив