KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Әкелерге де төлемақы төленеді

4.01.2018, 10:40 160

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер   Тек жұмыс істей әйелдерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Мөлшері декреттік демалысқа шыққанға дейінгі 24 айдағы еңбекақысына байланысты болады. Сондықтан индекстелмейді. Төлем жалақының 40 пайызы мөлшерінде есептеледі.


Қарапайым мысал келтіретін болсақ, соңғы екі жылдағы ай сайынғы табыс 100 мың теңге болса,  төлемақы мөлшері 40 мың теңгеге шақ. Екі немесе үш бала дүниеге әкелген жағдайда бұл төлем екі немесе  үш есеге өседі.


Бір қызығы, бұл төлемақыны баланың әкесіне де алуға болады. «Бірақ бұл нұсқа әйелінің жалақысы айтарлықтай жоғары болып, ол жұмысқа шығуға дайын болса  ғана тиімді» дейді мамандар. Өйткені бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдегенде әкесі бір жыл бойы жұмыс істемеуі тиіс.


Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы декреттік демалысқа дейін жұмыс істемеген аналарға мемлекеттік бюджеттен төленеді. Мөлшері айлық есептік көрсеткішке байланысты болғандықтан, 2018 жылдан бастап аталған жәрдемақы 6 пайызға өседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив