KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Полиция қызметкерлері балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды

3.01.2018, 06:09 194

Жаңа жыл ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын керемет көңілді және көптен күткен мереке. Ол жасыл шыршаның шамын жағып, балақандарға сыйлықтар үлестіруге келетін Аяз ата және Ақшақармен тығыз байланысты.


-Өздерінің қарбалас жұмыстарына қарамастан, полиция қызметкерлері балаларға тамаша көңіл-күй сыйлауда,-деді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тілді дамыту және насихат бөлімінің бастығы Елубек Оспанов,-ертеңгілікке қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің балалары да шақырылып, оларға ерекше көңіл бөлінді. Жаңа жыл кешінде полиция қызметкерлері қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті күзететіндіктен, олардың балалары жаңа жылды ата-аналарынсыз қарсы алады. Мерекені ұйымдастырушылар балаларға ата-аналарының кәсіптерінің жауапкершілігі мен маңызылығын жеткізуге тырысты.

Осылайша ІІБ үлкен мәжіліс залы жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендіріліп, сиқырлы әлемге айналды, ал ересектер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ертегі кейіпкерлерін сомдады.



Жаңа жылдық ертеңгілікте арнайы сөз алған  Семей қалалық ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Құлжабаев  балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Балалар ертегі кейіпкерлерін қуанышпен қарсы алды. Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге шыршаны айналып, ән шырқап, би биледі және өлең айтты, әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Балалар уақыттарын өте қызықты өткізіп, жаңа достар тауып, мереке қарсаңында қуаныш сезіміне бөленді. Іс-шара бойы  залда балалардың сыңғырлаған бақытты күлкілері естіліп, олар сыйқырлы, ғажайып әлемге енгендей болды.


Мереке соңында қызмет атқару кезінде қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары мен балалары осындай іс-шара ұйымдастырып, мейірбан көңілмен қам көңілдерін аулаған  полиция қызметкелеріне алғыстарын айтты.Осындай мерекелік іс-шара ІІБ аумақтық полиция бөлімдерінде де өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив