KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жаңа жылдық тосын сыйлық алды

24.12.2012, 18:00 132


Семей қаласы әкімшілігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұжымы қаладағы №8 балалар үйінде болып, қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған бұл шарада балалар үйінің 30 тәрбиеленушісіне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мемлекеттік мекеме ұжымын балалар үйінің тәрбиеленушілері қуанышпен қарсы алып, жаңа жылдық сыйлықтарға шексіз алғыстарын білдірді.

Іс-шара барысында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы С.М.Медеуов балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, олардың оқуларына сәттілік тілеп,жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ осындай акциялар ұйымдастыру арқылы өзге де мекемелердің ұжымдарынтағдыр тауқіметін тартып, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрестуге шақырды.

Аталмыш игі бастама еліміздегі жас бүлдіршіндерге қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан мейірім мен қамқорлықтың ізгілікті көрінісі болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив