KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, В
441.58 480 4.86

Сауда орындарына рейдтер басталды

25.12.2017, 08:13 106

Әдеттегідей, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменттінің қызметкерлері елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуде.

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының маманы Марина Лискованың айтуынша, пиротехникалық тауарлардың заңсыз саудасына тосқауыл қою мақсатында 19 желтоқсаннан бастап облыс орталығындағы үлкенді-кішілі сауда нүктелеріне рейдтер жүргізіліп келеді. Бұл рейдтерге құтқарушылармен қатар, тәртіп сақшылары да қатысуда.


– Әзірге өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Дегенмен, қалада пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұлжытпай орындап отырған екі-ақ сауда нүктесі бар екенін айтуымыз керек. Осы ретте көп жағдайда пиротехникалық тауарларды сатудағы қарапайым ережелердің сақталмауы артынша қайғылы жағдайларға әкеліп жататыны жасырын емес, – дейді ол.


Ол сонымен қатар, бенгал оттары, петард және фейерверктерді ғимарат ішінде қолдануға болмайтынын, бұған қоса мерекелік шыршаны каминдер мен газ пештерінен аулағырақ ұстау керектігін ескертеді.


Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда Шығыс Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде жарақат алудың бірде-бір дерегі тіркелмепті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив