KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Полторанин қола жүлдегер атанды

23.12.2017, 01:52 129

Италияның Тоблах қаласында шаңғы жарысынан өткен Әлем кубогы кезеңінде жерлесіміз Алексей Полторанин қола жүлде иегері атанды.


Риддерлік шаңғышы 15 шақырымдық классикалық әдіспен із қуалап жүгіруде жеңімпаз атанған норвегиялық Йоханнес Клебодан небәрі 4,5 секундқа қалып қойды. Бұл додада мәре сызығын екінші болып ресейлік Сергей Устюгов кесті.


Айта кетейік, әлемнің кіл мықтылары қатысқан бәсекеде барлығы 87 шаңғышы жүлде үшін таласқан болатын. Жерлесіміз Алексей Полторанин жарыс жолына 14-ші болып шықты. Алғашында көш басындағы спортшыдан 48 секундқа қалып тұрғанына қарамастан, шығысқазақстандық шаңғышы 11 қарсыласын басып озып, мәреге үшінші болып келді. Бұл – Алексей Полтораниннің биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесі.


Соңғы рет Полторанин Әлем кубогының жүлдесіне 2016 жылдың 9 қаңтарында Италияның Валь-ди-Фьемме өңірінде өткен жарыста қол жеткізген болатын. Ол кезде де жерлесіміз 15 шақырымдық жарысқа (классикалық әдіспен жүгіру) қатысқан-ды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив