KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Алтыншы кезеңде Полторанинге тең келер ешкім болмады

9.01.2018, 12:01 269

Италияның Валь-ди-Фьемме өңірінде аяқталған «Тур де Ски» көпкүндік шаңғы жарысының алтыншы кезеңінде жерлесіміз Алексей Полтораниннің қанжығасы майланды.


Әлем кубогының кезеңі саналатын жарыста 15 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен бәрінен жылдам жүгіріп өткен Полторанин жалпы есептегі жағдайын да әжептәуір жақсартып алды.


Сайыс басынан көшбасшылар қатарында болған жерлесіміз 10-шы шақырымға жақындағанда қарқынын үдетіп, суырылып алға шықты. Бұдан кейін қарсыластары қанша тырысқанымен, Алексей жарыс соңына дейін ешкімді алдына шығармады.


Айта кетейік, бұл – Полтораниннің осы маусымдағы үшінші жүлдесі. Осыдан біраз бұрын Италияның Тоблах қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде 15 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен із қуалап жүгіру сайысында қола жүлдегер атанған ол жаңа жыл алдында Швейцарияның Ленцерхайде қаласында ұйымдастырылған жарыста да үздіктер қатарынан (екінші орын) көрінген-ді.


«Тур де Ски» жарысының соңғы күнінде тоғыз шақырымдық із қуалап жүгіру сайысында сынға түскен отандасымыз жүлдегерлер қатарынан табыла алмаса да, спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіштердің бірін көрсетті. Жарыс жеңімпазы атанған швейцариялық Дарио Колоньядан 1 минут 41 секундқа қалып қойған Полторанин мәре сызығын төртінші болып кескен ол кезде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив