KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Қалта ұрлығынан сақтаныңыз

20.12.2017, 08:49 135

Өскеменде қалта ұрлығы көбейіп кетті. Он айдың ішінде  осындай 300-ге тарта қылмыс тіркелген. Ұрлыққа әбден кәнігіп алғандар көбінесе бағытты автобустарды нысанаға алған. Ең көп қалта ұрлығы әсіресе 12, 10,42,19-шы автобустарда анықталып отыр. Ұрылар әсіресе адам аяғы көбейген кезде яғни жұмысқа баратын немесе қайтатын уақытта аялдамаларды жиі торуылайды. Көбінесе орталық базар мен Спорт сарайы маңы аса қауіпті.


Полиция қызметкерлері тұрғындар сөмкелеріне сақ болып, аса абай болса ғана, бұндай келеңсіздіктен құтылуға болады дейді.


– Біздің статистикаға сәйкес, қоғамдық көліктерде 153 ұрлық тіркелді, қазір қалта ұрлығының қызып тұрған шағы деуге болады.Әсіресе сауда үйлерінен өте көп арыздар түсіп жатады.Мына мейрамдар алдында тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуге кеңес береміз, - деді ШҚО  ІІД баспасөз қызметі.

Айтпақшы, дүкендер мен автобустарда іздеуде жүрген күдікті ұрылардың бейнелері салынған плакаттар ілінген. Бұл қылмыскерлерге қарсы күресте нәтиже береді деп санайды полиция қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив