KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Зор қошеметпен қарсы алды

29.11.2017, 08:28 119

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында гір спортынан өткен Әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған курчатовтық Ақмарал Зупарды жерлестері зор қошеметпен қарсы алды.

Салтанатты шараға қала әкімі Алмас Оңдақанов қатысып, Ақмаралды жерлестері атынан жеңісімен құттықтады.

Бір айта кетерлігі, бұл курчатовтық спортшы қыздың бірінші жетістігі емес. Гір спортымен айналысқалы бері Ақмарал басқасын айтпағанда алтын медальдің 14-ін жеңіп алыпты.

Мәселен, 2016 жылы Астанада өткен ел біріншілігінде жерлесіміз чемпион атанып, Латвияның Даугавпилс қаласында өткен Еуропа чемпионатына жолдама алған болатын. Құрлықтық додада Ақмарал күміс медальға қол жеткізген-ді. Сондай-ақ ол биылғы ел чемпионатында да тұғыр биігінен көріне білді.

Айта кетейік, Сеулде өткен Әлем біріншілігіне 34 елден 470-ке жуық спортшы қатысты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив