KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Шемонайхалық жас вокалистер республикалық «Жас толқын» сайысында топ жарды.

22.11.2017, 19:23 165

Байқау Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында өтті.  Жеке әншілер де,  ансамбльдер де өнер көрсеткен дода аса тартысты басталды.  Жас таланттардың сайысына  күміс көмей жез таңдай әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бастаған әділ  қазылар төрелік етті. Астана, Павлодар, Семей, Риддер, Шемонайха, Өскемен және тағы басқа  қалалардан  іріктелген 100-ден астам қатысушының арасында шемонайхалықтардың мерейі үстем болды.


Шемонайха ауданының намысын жергілікті өнер мектебінің  тәрбиеленушілері Медина Рамазан мен Аян Галиев қорғады.  «Академиялық ән» номинациясында өз жас деңгейлеріндегі өнерпаздар арасынан Медина да, Аян да  бірінші орынға ие болды.  Оларға  вокалдан жоғарғы санатты ұстаз Ольга Ультаракова жетекшілік еткен .


10 жасар Мединаның өнер мектебінде талабын шыңдап жүргеніне 3 жыл болыпты. Байқауда ол «Қазақ вальсін» орындады.  Әнге құмар бүлдіршін өскенде Роза Рымбаевадай әнші болғым келеді деп үлкен арманымен бөлісті. Енді өжет қыз ұстазымен бірге сәуір айында Сочиде өтетін халықаралық конкурсқа әзірленуде. Ал 14 жастағы өнер иесі Аян Галиев «Наз қоңыр» әнін шырқап,  қошеметке бөленді.


Байқауға қазылық еткен Майра Ілиясова да қатысушылардың таланты мен талабына дән риза болғанын жеткізді. Атақты әнші Медина мен Аянды Астана қаласында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертке қатысуға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив