KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Ұрланған автокөлік ұзамай табылды

21.11.2017, 18:46 127

Риддер қаласының тұрғыны әп-сәтте автокөлігінен айрылып қалды.  ВАЗ 2106 көлігінің есігін кілттеуді ұмытып, дүкенге кіріп шыққан ол жер спипап қалған.


Автокөлікке бірден іздеу жарияланғанмен көрдім білдім деген ешкім болмады. Ақыры көлік иесі жергілікті тұрғындардан көмек сұрады.  Бір таңқаларлығы сол «ОСА-Риддер» бірлестігінің бір мүшесі  көшеден өтіп бара жатып сол ұрланған көлікті көрген болып шықты.  Ойланбастан көліктің ізіне түскен ол, бұл әрекеті жайында полиция қызметкерлерін де хабардар етіп үлгеріпті.  Ақыры құқық қорғаушылар көмегімен  көлікті ұрлап айдап кеткен ұрылар  қолға түсті. Осылайша әп-сәтте ұрланған көлік әп-сәтте иесіне қайтарылды.


Ұрылардың соңына түскендердің айтуынша, көлікті ұрлаған азамат «көлікпен қыдырғысы келіп кеткендіктен» оны  айдап кеткен болып шықты. Тек мәселенің мән-жайы кейінірек анықталды. Белгілі болғандай ешқандай көлік ұрлау фактісі тіркелмеген. Бұл-полиция қызметкерлерінің  арнайы «шартты түрде» ұйымдастырған оқу-жаттығу операциясы екен. Ұрланған көліктің соңына түсіп , «қылмыскерлерді» ұстауға көмектескен  «ОСА-Риддер» бірлестігінің өкілі осылай деп өзі мәлімдеді .Бір қызығы сол, оқу-жаттығу мақсатындағы «көлікті айдап әкеткендерді ұстау» шарасына қатысқан  ол,  бастапқыда бұның жоспарланған жағдай екенінен шынында да бейхабар болыпты. Сол себепті көлікті айдап кеткендерді қуып бара жатып, нағыз көлік ұрлаушылардың соңынан түстім деп ойлапты.  Полиция қызмектерлері тек  ол 102-ге қоңырау шалған кезде ғана сол жерге барған. Сондықтан бұл жағдай біреулерге арнайы жаттығу, оқу болса, енді біреулерге  нағыз шынайы оқиғадай әсер етті.  Өйткені азаматтық белсенділік көрсеткен «ОСА-Риддер» бірлестігінің өкілі қылмыскерлермен бетпе-бет жүздесіп қалу сияқты қорқынышты жеңіп, қайсарлық танытты.


Біздің редакциямыз үшін де бұл жағдай  «шындықтай» қабылданды, өйткені көлікті ұрлап айдап әкету фактісін көлік «иесінің» өзі растаған еді. Істің жай-жапсары анықталған соң, аталған оқиға жайында алдын-ала жазылған ақпаратқа түзетулер енгізуге тура келді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив