KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ұрланған «БМВ» автокөлігімен жол апатына түсті

15.09.2013, 18:00 117


Өскемен қаласында ұрланған «БМВ» автокөлігімен шарбақты бұзып кеткен 2 қылмыскер ұсталды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ІІБ-ның мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оларға өскемендік 27 жастағы азамат «БМВ» көлігінің ұрланғаны туралы шағымданыпты. Қылмыскерлер шетелдік көлікті Тәуелсіздік даңғылы бойында тұрған жерінен мініп кеткен.

Соңынан ұрлан көліктің жол апатына түскені белгілі болды.

Басқармада түсіндіргендей, Карбышев көшесінде рөлде отырған жігіт басқаруға ие бола алмай, шарбаққа барып соғылған. Оқиға орнында қылмыскерлер қолға түсті. Олар облыс орталығының тұрғындары болып шықты.

Қазір осы іске қатысты қылмысты іс қозғалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив