KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОШ
482.86 533.17 5.08

Көлікті ұрлаған көңілдесі болып шықты

18.09.2013, 18:00 112


ШҚ облысы орталығында 33 жастағы ер адам өзінің көңілдесінің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ІІБ-ның баспасөз ақпаратына сәйкес, бұл жайында полиция қызметкерлеріне көліктің иесі, 28 жастағы келіншек шағымданыпты.

Белгілі болғандай, 17-қыркүйекте кешкісін ер адам өзінің көңілдесінің Ниссан-Цефиро шетелдік көлігін келіншектің рұхсатынсыз айдап кетіп, тек келесі күні таңертең ғана қайтарған. Ниссанның қожайыны ауласынан көлігін таптаған соң, құқық қорғау орындарына шағымданыпты. Заң бұзған еркек полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив