Өскеменде көліктің нөмірін ұрлап алып ақша бопсалайтындар пайда болды
Өскеменде көлік нөмірін ұрлаған бұзақылар, көлік иелерінен ақша талап еткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ОСА-ға сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрылар «құрықты» ресейлік нөмірі бар көлік иелеріне салған.
- Ұрылар көлік иелерінен нөмір үшін ақша талап етеді екен. Тіпті хат қалдырып кетеді екен. Қалада дәл осындай үш факті тіркелді, - дейді Өскемен Полиция басқармасындағылар.
Ұрланған нөмірлер қайтарылды. Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз