KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Рухани жаңғыру»: Көкпекті ауданында 57 млн. теңгеге 8 жоба іске асуда

15.11.2017, 04:14 191

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Көкпекті ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жалпы құны 42 млн теңгеге 7 жоба іске асқан.


Қазірде сегізінші жоба бойынша жыл соңына дейін Ақ ой ауылында жаңа емхана өз жұмысын бастамақ. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағындықов мәлімеді.


– Қазірде Шұғылбай ауылының жолы жөндеуден өтіп, Тассай ауылында жаңа ойын алаңы салынып, М. Әуезов атындағы мектеп спорт жабдықтарымен қамтылмақ. Сондай-ақ, Өрнек ауылында жаңа балабақша салынды. Барлық атқарылған жоба кәсіпкерлердің қаражатына іске асуда, – деді аудан әкімі Рамиль Сағындықов.


Естеріңізге сала кетсек, қазан айында Өскемен қаласында өткен «Туған жер» форумы аясында аудан кәсіпкерлері ауданға 47,6 млн теңге көлемінде қаражат табыс етуге әзір екендіктерін жеткізген. Аталмыш қаражатқа «Менің мектебім» акциясы бойынша ауданда 7 робототехника сыныбын ашу жоспарланған

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив