KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
492.65 525.71 5.03

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің «Туған жер» форумы өтті

20.10.2017, 10:54 191

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлердің «Туған жер» форумында туған жерін, өскен-өнген мекенін өркендетуге әзір жандар бас қосып, ойларын ортаға салды, жоспарларымен бөлісті. Облыс орталығындағы Жекпе-Жек сарайында өткен алқалы жиынға Шығыстан шыққан ірі кәсіпорындардың жетекшілері, меценаттар, демеушілер, спорт пен мәдениет саласының көрнекті өкілдері, өңірдегі мектеп директорлары қатысты.


Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан кейін көп уақыт өтпей Шығыс Қазақстанда бесжылдық кешенді бағдарлама әзірленіп, оған 61 жоба енгені белгілі. Өңірлік бағдарламаны дайындауға және жүзеге асыруға облыстағы іргелі жоғары оқу орындарының ғалымдары мен әр саладағы сарапшылар жұмылдырылған. Бағдарлама аясында тарихымыз бен мәдениетімізді тануға, білім мен ғылымды өрістетуге айрықша ден қойылып отыр.


Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жергілікті билік «Туған жер» бағ¬дар¬ла¬масын жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуға тиіс» деген еді. Шығыс Қазақстанның осынау маңызды іске үлкен жауапкершілікпен қарап, қысқа мерзім ішінде 5 жылдық ауқымды бағдарлама әзірледі, оған 21 миллиард теңге көлемінде қаржы бағыттауды жоспарлап отыр. Облыста «Туған жер» бағдарламасы аясында тек биылдың өзінде жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің демеуімен құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын 929 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек аймақтағы ірі өнеркәсіп орындары «Парыз» қоры арқылы қосымша 4,8 миллиард теңге қаржы бөлген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив