KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
475.62 519.23 5.52

Семейлік спортшы Словениядан алтын медаль әкелді

13.11.2017, 05:45 110

Словенияның Словень-Градец қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирде ШҚО спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.


Семей қаласындағы № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіінің тәрбиеленушісі Естай Серікбол 66 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.


-Осы турнирде алтын алсам деген үмітім болды, сәті де түсіп, бабым да, бағым да жанып, алтынға қол жеткіздім. Спортпен айналысуға жол салған ата-анама рахмет! Балаларыңызды осы спорт түрімен айналысуға ықпал етіңіздер. Бұл философия, шеебрлік және күш-қайратты біріктіретін спорт түрі,-деді Естай Серікбол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив