KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

ШҚО құтқарушылары баланы оқыс жағдайдан құтқарды

7.08.2024, 17:21 122 Айжанат Бақытқызы

ШҚО құтқарушылары терезе жақтауында тұрған баланы оқыс жағдайдан құтқарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, куәгерлер баланы үшінші қабаттың терезесінен байқап, құтқарушыларды көмекке шақырған.

Дер кезінде келген МӨСБ-2 қызметкерлері арнайы баспалдақ орнатып, терезенің жақтауында жалғыз тұрған бес жасар қызға жетті. 

Пәтерде ешкім болмаған, кіру есігі құлыптаулы.

«Құтқарушылар баланы биіктен абайлап түсіріп, мән-жайды анықтау үшін учаскелік полиция бөліміне тапсырды»,-деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД ата-аналардан балаларын қараусыз жалғыз қалдырмауды сұрайды.

                                                                     Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив