KZ
Өскемен
+8°
туман жел 1 м/с, С
478.89 528.74 5.29

Таврия ауылындағы аурухана жөнделеді

7.08.2024, 17:27 131 Қуаныш Рахметоллаұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі  жұмыс сапары аясында  Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Спорт нысаны аяқталуға жақын болғанымен өңір басшысы сапасына қатысты сын айтты,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мердігер олқылықтардың орнын толтырмайынша нысанды қабылдап алуға болмайтынын бейінді басқарма басшыларына ескертіп айтты.

Сонымен  қатар өңір басшысы Таврия ауылындағы аудандық аурухананы аралап көрді. Дәрігерлермен және пациенттермен тілдесе келе аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Бұл жұмысқа 633,8 млн теңге қарастырылған. Ғимарат 2026 жылға қарай жөнделеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Таврия ауылындағы ауруханаға 29 мыңнан астам адам тіркелген. Он дәрігер, қырық үш медбике жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив