KZ
Өскемен
+8°
туман Штиль
478.89 528.74 5.29

Индустриалдық аймақта фармацевтикалық терминал ашылады – ШҚО

Фото: rossaprimavera.ru

7.08.2024, 15:36 90 Жанаргүл Мұқатай

Бұдан бірнеше жыл бұрын облыста жалпы аумағы 60,1 га жерді алатын екі индустриалдық аймақ ашылған болатын. 

Өскемен қаласының «Машиностроительдер» көшесіндегі индустриалдық аймақтың аумағы 26,6 га болса, соның 10 га түрлі өндіріс орындарын ашуға қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен жабдықталған деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі күні аталған индустриалдық аймақта  «КФК «Медсервис ПЛЮС» ЖШС нің  GDP жүйесі бойынша сауда-өндірістік  кешені құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жерде Өскемендегі «А» класты алғашқы фармацевтикалық терминал болады. Жобаның жалпы құны  3 млрд. теңгеден астам.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Дидар» газетінің редакциясына берген ақпаратында көрсетілгендей, жоба иесі аталған өндірісте  100 шақты жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Кәсіпорынның сауда-өндірістік кешенінің құрылысы 2020 жылдың ортасында басталған. «КФК «Медсервис ПЛЮС» ЖШС нің өз қаражатына салынып жатқан құрылыс алдағы қыркүйек айында аяқталып, зауыт іске қосылуы тиіс.

Сондай- ақ, осы индустриялық аймақты ет өңдейтін  «Eco Meat Vostok LTD» ЖШС -іне, газаблок шығаратын «Бәкірбаев»ЖК»,  «EKM Company» ЖШСнің  кірпіш зауытына жалға беру туралы келісім жасалынып, меморандум қабылданған. Сонымен бірге қазіргі күні аталған аймақта  «Сорбент» ЖШС мен фармацевтикалық зауыт салуға келісім жүргізіліп жатыр. 

Ал,  аумағы  33,5 га алып жатқан  Өскемендегі  «Өркен КШТ» индустриялық аймағының әзірге аты ғана бар.

««Ертіс ӘКК» балансындағы «Өркен-КШТ» аймағында инфрақұрылымдардан: қоршау, қуаты 0,7 мегаваттық бөлу пункті, ұзындығы  1000 м кабель, әкімшілік ғимараттың нөлдік деңгейі бар. Қосымша инфрақұрылымдарды салу үшін аталған жер учаскесі Өскемен қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтарылды. Қазіргі күні индустриялық аймаққа тартылатын  инженерлік инфрақұрылымдардың жобалық сметалық құжаттарына түзетулер жасалуда. Бастапқы мәліметтерді жаңарту үшін Өскемен қаласы әкімдігі жылумен қамтуға, сумен қамтуға, электр энергиясымен қамтуға орай тиісті мекемелерге техникалық жағдайларды ұзартуға орай хат жолданған.  Сумен, электрмен қамтуға техникалық шарттардың мерзімі ұзартылған, бірақ «Өскемен жылу жүйелері» АҚ « жылу энергиясының тапшылығына» байланысты техникалық шарттарды ұзартудан бас тартқан. Қазіргі күні индустриялық аймақты жылумен қамтуды автономды қазандық қою арқылы шешу мәселесі қарастырылып жатыр.» делінген кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының редакцияға берген ақпаратында.

«Өркен КШТ» индустриалдық аймағына  темір жол тұйығын, сумен, жылумен, электрмен қамту желілерін  тарту және тазарту құрылғысы бар өндірістік кәріздік септиктер орнату тәрізді инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдарды қаржыландыруды республикалық бюджеттен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қажетті инфрақұрылымдар салынып болған соң осы  аймақта :

 «Ertis Bereke Oskemen» ЖШСнің – жаңбырлатқыш құрылғыларды шығару зауыты және ыстық күйіндегі мырышпен қаптау цехын ашу( 10 га;) жобасын,  «Тамила плюс» ЖШС минералды суы мен алкогольсіз суысындарын шығару зауытын салу жобасын (10 га) іске асыру жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив