KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Челябинск қаласында ресей-қазақ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр

9.11.2017, 04:29 188

Бүгін Челябі қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды


Қос елдің сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сандық кеңістігін құру мақсатында сандық экономиканы дамыту саласындағы әріптестікті жандандыру мәселесін және өзге де түйткілдерді талқыламық.

Бірақ, Форумның басты тақырыбы адам капиталы және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр. Форумда талқыға салынатын тағы бір өзекті тақырып – «Шекарааралық және өңіраралық ынтымақтастық – адам капиталын дамыту факторы ретінде».


Екі елдің президенттері кездесуді бекерден-бекер нақ осы Челябі қаласына белгілеп отырған жоқ. Челябі – Ресейдің ірі өндірістік қалаларының бірі, Ресейдің үлкен екі өңірінің – Орал мен Сібірдің түйіскен жерінде орналасқан алпауыт шаһар. Сондықтан оны «Сібір қақпасы» деп те атайды. Екінші жағынан Челябінің ең жақын қазақстандық көршісі – Қостанай қаласы. Бұл екі өңір бұрыннан мәдени-экономикалық ынтымақтастық орнатқан.


Қос мемлекет басшыларының кездесуінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, шара аясында «Адам капиталын дамыту» тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив