Қазақстандық қонақтарды Челябинск қарсы алды
Бүгін Ресейдің ірі қалаларының бірі - Челябіде Ресей мен Қазақстан ректорларының Форумы басталады.
Ол басты оқиға - Ресей Федерациясы жəне Қазақстан Республикасы өңіраралық ынтымақтастық ХІV Форумы қарсаңында өтпек. 9 қарашаға жоспарланған аталмыш келелі іс-шараға екі елдің мемлекет басшылары қатысады. Құттықтау сөзбен Ресей мен Қазақстандағы ірі жоғары оқу орындарының ректорлары - Виктор Садовничий (Ресей Ректорлар одағының Президенті, Ломоносов атындағы ММУ ректоры) жəне ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет ректоры Ерлан Сыдықов сөйлейді деп күтілуде. Кездесудің басты тақырыбы заманауи білім беру саласындағы адам капиталы, бəсекеге қабілеттілікті арттыру болады.
Кеше Ресейдің ең ірі өндірістік орталықтарының бірі саналатын Челябідегі форумға қатысу үшін Қазақстан ЖОО-ларының оқытушылары мен ректорлары келді. Сонымен қатар, форум жұмысын еліміздегі жетекші БАҚ өкілдері насихаттайтын болады.
Челябинск қаласынан, Ержан Әбіш