KZ
Өскемен
-3°
плотный туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Бесқарағайда 100 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашылды

8.11.2017, 03:52 104

Долон ауылдық округіндегі «Бестерек» фермерлік шаруашылығының басшысы Сансызбай Анаев 100 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашты.


«Ырыс» бағдарламасы бойынша несие алған жеке кәсіпкер алдағы уақытта ірі қара мал басын көбейтіп, шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сансызбай Анаевтың айтуынша, ол «Ауыл шарушылығын қолдау қоры» АҚ-ның көмегімен 30 миллион теңге несие алып, оның 17,5 миллион теңгесіне 50 бас симментал тұқымды тайынша сатып алған.


– Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен ауданда сүтті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соған байланысты бесқарағайлық кәсіпкерлер заманауи технологиялармен толық жабдықталған сүт фермаларын салуда, - дейді Сансызбай Анаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив