KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Польшаның Қазақстандағы елшісі Семейге келді

6.11.2017, 11:01 165

Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстандағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич Абай атындағы кітапханаға ат басын бұрды.


Елші «Абайдың рухани орталығында» болып, Абай заманында жарыққа шыққан, ақын оқыған қастерлі басылымдармен танысты. танытты. Кітапхананың сирек қорын тамашалады.


-Елші поляк тіліндегі еңбектерді көрген кезде еріксіз таңданды,-деді ктіпахананың әдіскері Ольга Мальцева,- Селим Хазбиевич ерекше ілтипатты түрде поляк тіліндегі сөздіктерді, көркем шығармаларды, көрнекті поляк тарихшыларының, құқықтанушылар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерін қарап шықты.


Әдебиеттермен танысу барысында Елші мырза Поляк жазушыларының туындылары жайлы өз білгенін кітапхана қызметкерлерімен бөлісті. Кездесу соңында Елші барлығымызға мазмұнды әрі мәнді болған кездесу үшін алғысын білдірді. 2018 жылы Польша Республикасының Тәуелсіздігіне 100 жыл толады екен. Осыған орай алдағы уақытта екі ел арасындағы байланыс нығая түспекші.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив