KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да бокстан Республикалық турнир өтуде

2.11.2017, 03:58 136

ШҚО-да Малдыбай Қажыны еске алуға арналған 2002-2003, 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында бокстан XVIII Республикалық турнир өтуде.


Тарбағатай жерінде Республикалық деңгейде осымен XVIII рет өтіп отырған жарысқа барлығы 12 команда 120 спортшы қатысуда.


Тарбағатайлықтардан бөлек, сайысқа Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларынан және Аягөз, Жарма, Күршім, Зайсан сынды аудандардан жас боксшылар келді.


Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан жас былғары қолғап шеберлері турнирге қатысуға ниет білдіріп, өз бақтарын сынауда. Спортшылар барлығы 13 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы қарашаның 4 күні белгілі болады.


ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив