KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қос ұжымымыз да жартылай финалға шықты

31.10.2017, 03:56 198

Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы ел кубогының финалдық кезеңі шарықтау шегіне жетті. Жексенбі күні жарыстың ширек финалдық кездесулері өтсе, кеше кешке ақтық сын жолдамалары сарапқа салынды.


Естеріңізге салайық, бір аптаға межеленген жарысқа еліміздің мықты деген сегіз волейбол ұжымы қатысуда. Оның ішінде басты фаворит саналатын «Алтай» мен Шығыс Қазақстанның атынан сынға түсіп жатқан тағы бір ұжым «Алтай-2» командалары да бар. Айта кетейік, қос команда да «А» тобында өнер көрсетіп, ширек финалға бірінші және екінші орыннан шыққан болатын.


Ал «В» тобында, мамандар болжағандай, бірінші орынға павлодарлық «Ертіс-Қазхром» ие болса, екінші сатыға Талдықорғанның «Жетісуы» тұрақтады.


Жексенбі күні жарыстың плей-офф кезеңі басталды. Бұл кезеңдегі айтуға тұрарлық нәтиже «Алтай-2» мен «Қуаныш» (Петропавл) арасындағы матчта тіркелді. Кездесу алдында жеңіске теріскейден келген команда жетеді деп болжағандар көп болатын. Алайда алтайлық арулар өз жанкүйерлері алдында намысқа тырысып, бес партияға созылған ойында 3:2 (25:18, 22:25, 25:18, 23:25, 19:17) есебімен жеңісті жұлып әкетті. Осылайша, ойламаған жерден «Алтай-2» жарыстың үздік төрт командасының қатарынан орын алды.


Қалған үш орынды «Алтай», «Ертіс-Қазхром» мен «Жетісу» иеленді. Алтайлықтар ширек финалда 3:0 (27:25, 25:23, 25:18) есебімен «Қарағандыдан» басым түссе, павлодарлық клуб дәл сондай нәтижемен (25:17, 25:14, 25:19) «Астанадан» айласын асырды. «Жетісу» волейболшылары 3:1 есебімен (15:25, 25:20, 25:21, 25:12) «Алматыны» қапы қалдырды.


Кеше кешке газет беттеліп жатқанда, «Алтай-2» мен «Ертіс-Қазхром», сондай-ақ «Алтай» мен «Жетісу» арасындағы жартылай финалдық кездесулер өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив