KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

«Алтай» волейболдан Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

6.07.2017, 04:39 261

Вьетнамда өтіп жатқан волейболдан ерлер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында өскемендік «Алтай» қатарынан алты жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына шықты.


Ширек финалдық кездесуде Қытай чемпионы «Бэйцзинь БАИК Моторс» командасымен кездескен жерлестеріміз қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Айта кетерлігі, өскемендік команда былтырғы құрлықтық доданың ширек финалында да дәл осы қытайлық ұжыммен кездескен болатын және сол ойында «Бэйцзинь БАИК Моторс» волейболшылары басым түсіп, жартылай финал жолдамасын қалталарына салған еді. Ал бұл жолы бәрі керісінше болды, бейжіңдіктерді үш партияда 25:19, 25:22, 25:14 есебімен жеңген Рафаиль Гилязутдинов шәкірттері осылайша қарсыласынан есе қайтарды.


«Алтайдың» келесі қарсыласы Жапонияның «Тойода Госсей Трефуэрдза» командасы болды (бұл ойын кеше кешке, газет беттеліп жатқанда өтті). Аталмыш ұжым былтырғы додада қола жүлдеге қол жеткізгенін айта кеткен жөн.

Бұл ойында алтайлықтар жеңіске жететін болса, тұңғыш рет Азия чемпионатының ақтық сынында өнер көрсету мүмкіндігін иеленбек. Екінші жартылай финалда Катар чемпионы «Әл-Араби» мен Иран мықтысы «Сармайе Банк» өзара күш сынасады.


Естеріңізге салайық, соңғы екі ел біріншілігінде топ жарған өскемендік ұжым Вьетнамда өтіп жатқан Сары құрлық чемпионатында екі топтық кезеңді де бірінші орында аяқтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив