KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Облыста бір тәуліктің ішінде жеті өрт оқиғасы тіркелді

26.10.2017, 09:22 216

Облыста өткен бір тәуліктің ішінде адамдардың отты абайсыз қолдануының кесірінен шыққан жеті өрт тіркелді.


Мысалы, Семей қаласында бірден осындай төрт оқиға тіркелді. Жеке меншік үйлердің аулаларында жиһаздар мен шаруашылыққа арналған қоралары өртенген. Өрт сөндірушілер дер кезінде жеткендіктен қызыл жалын тұрғын үйлерге жайылып үлгермепті.


Зайсан қаласындағы Васильев көшесінде тілсіз жау құрылыс материалдарын, ауланы қоршаған шарбақ пен прицепті жалмап кетті. Барлығы 8 шаршы метр жер өртенген.

Ал Аягөз және Шар қалаларында малдың қысқа әзірлеген шөптері жанып кетті. Аягөздік тұрғын төрт тонна шөбінен айырылса, Шар қаласында 12 тонна шөп қорасымен қоса өрттің құшағында қалды. Қызыл оттың бетін қайтаруға өрт сөндірушілермен бірге көршілері де үлес қосты. Сүлейменов көшесі тұрғындары ұйқысыз өткізген түнде бір жарым сағат бойы отпен арпалысты.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, барлық өрт тұрғындардың отты пайдалануда абайсыздық танытуынан болған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Он айдың ішінде адамдардың абайсыздығынан болған 610 өрт тіркелсе, бұл тіркелген барлық өрттің тең жартысын құрайды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив