KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Биыл ШҚО-ға шетелден 10 мыңнан астам турист келіпті

9.10.2017, 03:02 262

Облыс аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында туризмді дамыту туралы баяндама жасаған туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, сала тұрақты дамып келеді. Оған басты дәлел – туристер санының артуы. Жылдың алғашқы жартысында облыс аумағында 169 мың адамға туристік қызмет көрсетілген. Оның ішінде шетелден келіп демалушылар саны 31 пайызға артып, 10 мыңнан асыпты.


– Ұлт жоспарының 57-ші қадамына сәйкес облыстың туристік саласын дамытудың жол картасы жасалды, оның аясында 2017-2023 жылдар аралығында жалпы құны 18 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі республикалық тұжырымдамасында алты кластердің бірі болып «Алтай інжу-маржаны» кластерін құру мәселесі қаралып отыр, – деді Жасұлан Сәрсебаев.


Өскемен – осы кластердің орталығы болады. Туристік қызығушылықтың негізгі орындары ретінде Берел қорғандары, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені, Зайсан көлі, Катонқарағай ұлттық паркі, Қиын-Керіш, Семей мен Риддер қалалары, Батыс Алтай қорығы, Алакөл, Абай ауданындағы Жидебай белгіленген.

Биыл Сібе мен Алакөл көлдері жағалауында түгендеу жұмыстары аяқталған. Енді күре жолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарына да инвентаризация жүргізілмек. Сонымен қатар, Аспан асты елінен келетін туристер ағынын көбейту мақсатында Бақты және Майқапшағай кеден бекеттерінде саяхатшылар үшін тексерудің оңтайлы түрі енгізілген.


Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше, биыл Алакөл курорттық аймағы бойынша 19 миллион теңгеден астам салық түскен.


–Дәл қазіргі кезде демалыс аймақтарынан түсетін қаржыны көбейтуге емес, сол аймақтардағы туристік нысандарды дамытуға күш салу керек. 2019 жылдан бастап, кәсіпкерлер аяқтарына нық тұрып, шаруалары қарқынды жүре бастаған кезде салық та түсе бастайды. Қазірдің өзінде қазынаға құйылған қаржы көлемі жаман емес, егер осы салаға мықты қолдау көрсетсек, алымдар мөлшері бернеше рет ұлғаяды. Бұл жердежалпы туризм саласының экономиканың өзге бағыттарына тигізер қосалқы пайдасы да барын ескеруіміз қажет, – деп ескертті осы ретте облыс әкімі.

Мәселені егжей-тегжей талқылаған депутаттар «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп жолдар бойындағы қызмет көрсетуді дамытуды, адамдар демалатын өзен-көлдер суының құрамына ұдайы тексеру жүргізіп тұруды, демалыс аймақтарындағы кәсіпкерлік нысандарын түгендеу ісін жалғастыруды ұсынды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив