KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
522.49 547.88 5.06

Қазақстанда тұрғын үйлерге арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілді

now.irsap.com

30.10.2024, 16:00 119 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы 21 қазанда Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен тұрғын үй-жайларға арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Жылу энергиясын тұтыну нормалары әрбір климаттық аймақ пен ғимарат қабаттылығына байланысты шаршы метрге шаққандағы гигакалория мөлшерінде белгіленді.

I климаттық аймақ

  • 2 қабатты ғимараттар: 0,1333–0,1859 гкал/м²
  • 3 қабатты ғимараттар: 0,1197–0,1520 гкал/м²
  • 4–5 қабатты ғимараттар: 0,1155–0,1467 гкал/м²
  • 6–7 қабатты ғимараттар: 0,1081–0,1373 гкал/м²
  • 8–9 қабатты ғимараттар: 0,1027–0,1303 гкал/м²
  • 10–11 қабатты ғимараттар: 0,0969–0,1230 гкал/м²
  • 12 қабаттан жоғары ғимараттар: 0,0933–0,1185 гкал/м²

II климаттық аймақ

  • 2 қабатты ғимараттар: 0,0898–0,1332 гкал/м²
  • 3 қабатты ғимараттар: 0,1197–0,1520 гкал/м²
  • 4–5 қабатты ғимараттар: 0,0778–0,1155 гкал/м²
  • 6–7 қабатты ғимараттар: 0,0729–0,1081 гкал/м²
  • 8–9 қабатты ғимараттар: 0,0692–0,1026 гкал/м²
  • 10–11 қабатты ғимараттар: 0,0653–0,0968 гкал/м²
  • 12 қабаттан жоғары ғимараттар: 0,0629–0,0933 гкал/м²

III климаттық аймақ

  • 2 қабатты ғимараттар: 0,0897 гкал/м² дейін
  • 3 қабатты ғимараттар: 0,0806 гкал/м² дейін
  • 4–5 қабатты ғимараттар: 0,0777 гкал/м² дейін
  • 6–7 қабатты ғимараттар: 0,0728 гкал/м² дейін
  • 8–9 қабатты ғимараттар: 0,0691 гкал/м² дейін
  • 10–11 қабатты ғимараттар: 0,0652 гкал/м² дейін
  • 12 қабаттан жоғары ғимараттар: 0,0628 гкал/м² дейін

Аталған бұйрық 2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу