KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» тағы жеңілді

4.10.2017, 09:29 109

Жоғары хоккей лигасы регулярлық чемпионатының кезекті, сегізінші турында Ресейдің Воскресенск қаласында жергілікті «Химикпен» кездескен өскемендік «Торпедо» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.


Айта кетейік, бұл жерлестеріміздің жаңа маусымдағы (сегіз ойындағы) бесінші жеңілісі. Осыдан бірер күн бұрын Алексей Ждахин шәкірттері сырт айдында Чеховтың «Звездасына» есе жіберген болатын (3:4). Енді міне «Химикке» де жол берді.


Жалпы, бұл ойында хоккей мамандары торпедолықтардан гөрі айдын иелерінің жеңісіне көбірек сенді. Бұл түсінікті де, себебі, воскресенскілік команда қазір чемпионаттың үздік төрттігінің қатарында келеді, он ойында қоржындарына 19 ұпайды салып үлгерген.


Ал торпедолықтар керісінше, ойын алдында турнир кестесінің төменгі жағында, небәрі 19-шы орында тұрған болатын. Воскресенскідегі жеңілісінен кейін өскемендік ұжым мүлдем төмен, 21-ші орынға құлдилап кетті (сегіз ойында 10 ұпай).


Ойынға келер болсақ, матчтағы алғашқы шайбаны «Торпедо» хоккейшісі соқты. Нәтижелі соққының авторы – қорғаушы Леонид Метальников. Дегенмен, бұдан кейін жерлестеріміз қарсылас қақпасының кілтін таба алмады. Өз кезегінде айдын иелері үш мәрте көзге түсіп, 3:1 есебімен ойынды өз пайдасына аяқтады.


Келесі кездесуін жерлестеріміз бүгін сырт айдында Қытайдың Цзилинь қаласының «Ценг Тоу» командасымен өткізеді. Ойын кешкі сағат 17.00-де басталады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив