KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемен көшелеріне жол жөндеудің жаңа тәсілі қолданылып жатыр

4.10.2017, 08:39 97

Жолшылар облыс орталығының Ворошилов көшесіндегі ойық, шұңқырларларды жаңа технологиямен жұмыс істейтін машинаның көмегімен жамап шықты.


Бұл тәсілдің артықшылығы сонда: жол жабындысын балғамен ұрғылатып уақыт өткіздірмейді, материалды 60 пайызға үнемдетеді, жөндеу жұмыстарын 10 градустық суық күндерде де жүргізе беруге болады, жөнделетін аумақты кеңейтудің де қажеті жоқ.


Жол бойындағы ойықтарды тез арада жамауға мүмкіндік беретін мұндай тәсіл Ресейде қолға алынып, іске асырылып жатыр. Ресейліктердің еуропа елдерінің тәжірибесіне қарай отырып жасаған жаңа технологиясы бойынша жұмыс істейтін бұл машина Украинада жасалыпты. Үгітілген қиыршық тас пен битумды шұңқырға салып, бітеуге бес минуттай ғана уақыт кетеді. Қоспаның ішіне материалды шұңқырға жабысып, нығыздалып тұрып қалатындай ететін арнайы қоспалар қосылған.


Жол жөндеуге мамандандырылған арнайы машинаның ұзын сапты икемді күрегі жол бойындағы кез –келген шұңқыр, ойыққа жетіп, жамай алады. Жол жөндеушілер көше жолындағы ұсақ шұңқырларға дейін жамап шықты.


-Мұндай технология жолды жылдам жөндеуге бар жағынан тиімді. Әдеттегі жол жөндеу, жамау жұмыстарына қарағанда қоспаны ойыққа «сорғалатып, нығыздап салу» тәсіліне көп уақыт кетпейді. Жол бойындағы қозғалысқа кедергі де келтірмейді,-дейді «Российская техника» холдингінің иесі Олег Кортунов.


Жолшылар жаңа тәсілді облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша зерттеп, тәжірибеден өткізіп жатыр.


-Бүгін біз көше жолының біршама бөлігін жамап шықтық. Мұндай жөндеу тәсілінің қаншалықты тиімді, жақсы екендігін алдағы уақытта байқап, көреміз. Салынған жол жабындылары отырып қалмай ма, аязға қаншалықты шыдайды деген сауалдардың бәріне оңды жауап алсақ, жаңа технологияны өз жұмысымызға батыл түрде енгіземіз,-дейді облыстық жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив