KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Өскемендегі сенбілік жәрмеңкелерге жағаласатын делдалдар қатаң қадағаланатын болды

3.10.2017, 03:11 66

Маусым айынан бері тоқтап қалған аудандардың ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткен сенбіден, 23 қыркүйектен бастап Өскеменде қайтадан жалғасып жатыр.


Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, ЖМК ықшамауданындағы «Фреш маркет» гастрономы жанында сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңке 25 қарашаға дейін өткізілмек.


Өткен сенбіде жәрмеңкеге Тарбағатай ауданының шаруашылықтары өз өнімдерін әкелді. Осы сенбіде облыс орталығына Шемонайха ауданының кәсіпкерлері, қожалық иелері өнімдерін әкелмек.


Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары аудандар өнімдерін әкелетін сенбілік жәрмеңкелерге қаладағы базарлардан келіп, килігіп кететін делдал, алыпсатарларды кіргізіп беуді қатаң қадағалаймыз деп отыр бұл жолы.


«Фрешмаркеттегі» жәрмеңкеде ет, көкөніс, басқа да өнімдер бағасы әдеттегідей қаладағыдан 13-15 пайыз төмен бағамен сатылмақ. Картоп бағасы 75 теңге, еттікі 1400 теңге шамасында болмақ. Бүгінде жұмсақ ет қала базарларында 2000-2200 теңгеден сатылып жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив